Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жуырда Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен таеквондодан (WT) юниорлар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті.

Кездесу барысында министр спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, олардың жеңісі ел мерейін үстем ететін маңызды нәтиже екенін атап өтті. «Әлем чемпионатындағы жарқын жеңістеріңіз – барша еліміздің мақтанышы. Сіздердің табандылықтарыңыз бен қажырлы еңбектеріңіз халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттыруға зор үлес қосты», – деді министр.
Кездесу барысында министр спортшылардың табысты өнер көрсетуінде жаттықтырушылардың еңбегі зор екенін атап өтіп, олардың кәсібилігі мен жүйелі жұмысы жоғары нәтижелерге жол ашқанын жеткізді.

«Федерация басшылығының, жаттықтырушылар құрамының кәсіби біліктілігі мен жүйелі еңбегінің арқасында осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізіліп отыр. Сіздердің еңбектеріңіз жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз», – деді Ербол Мырзабосынов.

Жиын соңында Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан таеквондо федерациясы атынан Медетбай Ислам мен жаттықтырушысы Аралбаев Азамат Бақытұлына
Алғыс хат табысталды.



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *